Шетел жаңалықтары

Руни қазіргі уақытта әлемнің үздік футболшысы кім екенін атады

Рунидің пікірінше, Холланд «Алтын допқа» лайық.

«Манчестер Юнайтед» пен Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни «Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд «Алтын доп» сыйлығына лайық деп санайды. Оның пікірінше, Лионель Месси мен Криштиану Роналду дәуірі аяқталды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Руни – «Ди-Си Юнайтедтің» бас жаттықтырушысы.

Эрлинг Холланд – қазіргі уақытта әлемдегі ең үздік футболшы. Лионель Месси – ұлы ойыншы, бірақ қазір Холланд секілді ойнайтын ешкім жоқ, оның өнері таң қалдырады, – деп жазды Руни The Times газетінің бағанында.

«Бізде Лионель Месси мен Криштиану Роналду дәуірі болды, енді олардың уақыты өтті, Эрлинг Холланд пен Киллиан Мбаппе дәуірі келді. Холланд секілді футболшылардың өнерінен ләззат алу керек», – деді Руни.

Айта кетейік, Месси «Алтын допты» рекордтық – сегізінші рет жеңіп алады деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button