Шетел жаңалықтары

Жылына 400 млн доллар: Месси ең көп жалақы алатын футболшы бола ма?

Мессидің ПСЖ-мен келісімшарты биылғы жазда аяқталады

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Лионель Месси 1 мамырда Парижде «Әл-Хиляль» өкілдерімен кездесіп, Сауд Арабиясы клубына ауысу мәселесін талқылайды.

Журналист Руди Галеттидің мәліметінше, кездесу Франция чемпионатының 33-туры аясында ПСЖ мен «Лорьян» арасындағы матчтан кейінгі күні өтеді.

«Әл-Хиляль» Мессиді футбол тарихындағы ең көп жалақы алатын ойыншы атандырмақ (бір маусымда шамамен 400 миллион доллар). Мессидің париждіктермен келісімшарты осы жазда аяқталады.

Бұған дейін ол 2003-2021 жылдар аралығында өзі өнер көрсеткен «Барселонаға» оралуға жақын екендігі айтылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button