Дзюдо

Асхат Жіткеев халықаралық қызметке тағайындалды

Кувейтте Азия дзюдо одағының (JUA) ресми конгресі өтті.

Конгрессе Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Азия дзюдо одағына кіретін федерация басшылары мен өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы.

Конгресс барысында JUA атқарушы комитетінің шешімі бойынша Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев Азия дзюдо одағының рефери директоры болып тағайындалды.

Асхат Жіткеев – Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондай-ақ IJF Continental құрлықтық дәрежедегі төреші.

Басқа жаңалықтар

Back to top button