Басты

«Лайықты қарсылас»: Головкин-Мунгиямен жекпе-жегі өте ме?

Басылым екеуара жекпе-жек тартысқа толы болатынына сенімді

Испаниялық Solo Boxeo порталы аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мансабындағы соңғы жекпе-жегінде жеңілмеген мексикалық Хайме Мунгиямен (41-0, 33 КО) кездесуі мүмкін деп есептейді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мексикалық 2022 жылғы 12 маусымнан бастап рингке шықпаған, сол кезде ол ағылшын Джимми Келлиді нокаутпен жеңген болатын. Содан бері орта салмақ көшбасшыларының бірімен кездесу өткізуде жоспарлап жүр. Басылым екеуара жекпе-жек тартысқа толы болатынына сенімді.

Орта салмақтағы танымал боксшылардың бірі – Геннадий Головкин. 41 жастағы қазақ соңғы онжылдықта осы салмақтың көшбасшысына айнала білді. 42-2-1 рекорды бар Головкин тек Сауль Альваресті жеңе алмады, – делінген порталда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button