Шетел жаңалықтары

Жасанды интеллект АПЛ-да кім чемпион болатынын болжады

FiveThirtyEight-тің суперкомпьютері 2022-23 маусымдағы ағылшын премьер-лигасының қорытынды кестесіне болжам жасады.

Жасанды интеллект турнирлік кестеде екінші орында келе жатқан «Манчестер Сити» биыл Англия чемпионы атанады деп санайды. «Қалалықтардың» чемпиондыққа қол жеткізуін компьютер 77% деп бағалаған.

Ал дәл қазіргі көшбасшы «Арсенал» екінші орынға тұрақтайды екен. Олардың чемпиондыққа деген мүмкіндігі небәрі 23% құраған – «Манчестер Ситиден» 3,35 есе аз.

«Саутгемптон» (88%), «Ноттингем Форрест» (83%) және «Эвертонға» (58%) АПЛ-дан шығып кету қаупі төніп тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button