Дзюдо

Алғашқы алтын: Даяна Фидова – Азия чемпионатының жеңімпазы

Парадзюдошы Даяна Фидова Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ол көзі нашар көретін спортшылар арасында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы екінші жүлдесі.

Бұған дейін Ақмарал Науатбек күміс жүлдегер атанған болатын. Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Жарыс 30 сәуірге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button