БастыХоккей

Қазақстан жастары хоккейден элиталық кезеңге жолдама алды

Біріншілік Францияның Анже қаласында өтті.

Хоккейден Қазақстанның 18 жасқа дейінгі құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында элиталық кезеңге жолдама алды.

Қазақстан бес ойында төрт рет жеңіске жетіп, бірінші дивизионның А тобында жеңімпаз атанды.

Құрама ойыншылары Венгрии (3:0), Жапония (5:0), Украина (5:0) және Франция (5:1) командаларын тас-талқан етіп ұтса, Данияға 3:8 есебімен жол берді.

Құрамалардың қорытындысы нәтижелері:

Қазақстан — 12 ұпай, Дания — 11 ұпай, Жапония — 8 ұпай, Венгрия — 7 ұпай, Украина — 5 ұпай, Франция — 2 ұпай.

Осылайша Қазақстан араға 21 жыл салып алғаш рет элиталық кезеңге жолдама алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button