Шетел жаңалықтары

«Интер» vs «Милан»: финалға кім шығады?

Араға жиырма жыл салып «Интер» мен «Милан» Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездеседі.

Италия клубтарының дербиі тартысқа толы болары анық. Бұл ойынға қатысты «Ювентустің» бұрынғы қорғаушысы Джорджио Кьеллини өз пікірін білдіріп, кімнің жеңіске жететінін болжады.

Кьеллини финалға 2010 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Интер» шығады деп санайды.

Бұл өте тартысты матч болатыны сөзсіз. Егер маған осы екеуінің біреуіне бәс тігу керек болса, онда мен «Интерді» таңдаушы едім. Менің ойымша, мұндай матчтарда «Интер» өз әлеуетін толық пайдала аланады, – дейді Джорджио Кьеллини.

«Милан» Еуропадағы ең беделді клубтық турнирде соңғы рет 2007 жылы жеңіске жеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button