Дзюдо

ӘЧ: Абиба Әбужақынова медальсіз қалды

Абиба Әбужақынова италиялық Ассунта Скуттомен кездесті.

Танымал қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Дохада (Катар) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеден тыс қалды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін таласта Әбужақынова италиялық Ассунта Скуттодан ұтылды.

Нәтижесінде Абиба Әбужақынова бесінші орынды қанағат тұтты.

Айта кетейік, былтыр Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында Әбужақынова қола медаль жеңіп алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button