Басты

Махмұд Сабырхан ширек финалда өнер көрсетеді

Ташкенттегі (Өзбекстан) аламанның 1/8 финалында Сабырхан (54 келі) жастар арасында әлем чемпионы үнді Сачин Савичпен кездесті

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді.

Ташкенттегі (Өзбекстан) аламанның 1/8 финалында Сабырхан (54 келі) жастар арасында әлем чемпионы үнді Сачин Савичпен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

Осылайша, Махмұд Сабырхан әлемдік біріншіліктің ширек финалына шықты. Бұған дейін қазақстандық венгр Иштван Сакудан басым түскен болатын.

Сабырхан – Азия чемпионы, сондай-ақ 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Оған әйгілі украин боксшысы Василий Ломаченкоға ұқсас стилі үшін «Қазақтың Ломаченкосы» деген лақап ат берілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button