Басты

Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды.

Ол серпе көтеруде 181 келімен қорытындылап, осы бағдарламада кіші күміске қол жеткізген. Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді ырқына көндіре алды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте 400 келімен топ жарды. Бұл Ұлттық құрама спортшысының халықаралық жарыстардағы ең үздік нәтижесі екенін айта кетейік. Күміс пен қоланы Оңтүстік Корея атлеттері жеңіп алды.

Ерлер арасындағы 102 кг Олимпиада бағдарламасына кіретін салмақ. Чинджудағы сары құрлық бәсекесінде жолдама иеленуге мүмкіндік беретін ұпайлар үлестіріліп жатыр. Осығған дейін Ұлттық құрама сапындағы Арли Чонтей (55 кг салмақта) мен Алексей Чуркин (73 кг) қола жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрғиса былтыр Колумбия астанасы Боготада өткен Әлем чемпионатында қос сайыс нәтижесінде 383 кг (174+209) зілтемірді көтеріп, күміс медаль жеңіп алған.

Руслан Тәуірше 

Басқа жаңалықтар

Back to top button