Басты

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында төрт алтын еншіледі

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын сәтті аяқтады.

Құрамадан соңғы болып Нұрбек Оралбай Ташкентте өз салмағында (80 кг) қарсылас шақ келтірмей, әнұранымызды шырқатты.

Отандасымыз көптің қызығушылығын тудырған жекпе-жекте Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды ұтты. Осыған дейін Нұрбек Ресей, Иордания, Түркия мен Әзербайжаннан келген боксшылардан басым түскен.

Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады.

48 келіге дейінгі салмақта финалда Санжар Тәшкенбай грузин боксшысы Сахил Аллахвердовиді бет қаратпай ұтып, әлем чемпионатының алтынына ие болды.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда өзбекстандық Ойбек Жураевтан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. Үш раунд бойы үздіксіз соққы жұмсап, қарсыласына бірнеше рет нокдаунға түсірді.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Саиджамшид Джафаровты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді, ал жекпе-жек барысында қарсыласының мұрнын сындырды. Осылайша, Асланбек Шымбергенов мансабында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button