Басты

Қазақстандық боксшыларды жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатына қатысқан спортшыларымыз елге оралды.

Спортшыларды әуежайдан жанкүерлері, әріптестері мен Спорт және мәдениет министрі Асхат Оралов қарсы алып, құттықтады.

Соңғы екі аптаның ішінде қазақстандықтар Ташкенттегі әлем чемпионатында спортшыларымызға қолдау көрсетті. Спортшыларымыз бұл әлем чемпионатында өте жақсы көрсеткішпен оралуда. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында спортшыларымыз 4 алтын алған еді. Биылғы әлем чемпионатында спортшыларымыз тарихи есепті қайталап, қоржынымызға 4 алтын, 1 күміс байлап қайтты, – деді министр.

Сондай-ақ министр әлем чемпионатында ән ұранымыздың акапелла нұсқасын шырқаған өнерпаздарға да алғысын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button