Басты

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасымен кездесті. 

Жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Рыбакина польшалық Ига Швентекпен кездесті. Алғашқы сет 6:2 есебімен қарсыластың пайдасына шешілгенімен, екінші сетте тай-брейкте 7:6 (7:3) есебімен Елена жеңіске жетті. Ал үшінші сетте есеп 2:2 болып тұрған сәтте Швентек жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Отандасымыз финалға шығу үшін латвиялық Елена Остапенкомен сынға түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button