Теннис

Елена Рыбакина – WTA-1000-дағы жеңісі бойынша 2023 жылдың үздік теннисшісі

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-1000-дағы жеңістері бойынша 2023 жылдың үздік теннисші атанды.

Әлемнің бесінші ракеткасы мұндай бес жеңіске қол жеткізген. Бұл жағынан оның жеңістер саны өзге әріптестерінен екіге артық.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Италия ашық чемпионатының ширек финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтты. Поляк спортшысы жарақатына байланысты үшінші сетте кездесуді жалғастырудан бас тартты – 6:2, 6:7 (3:7), 2:2.

Турнирдің жартылай финалында Елена Рыбакина латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Екінші матчта ресейлік Вероника Кудерметова мен украиналық Ангелина Калинина өзара кім мықтыны анықтайды.

Матчтар бүгін, 18 мамырда, өтеді. Бірінші ойынның басталуы – 17:00.

Басқа жаңалықтар

Back to top button