Шетел жаңалықтары

ФИФА әлем чемпионатының логотипін таныстырды

Логотипте әлем чемпионатының кубогы 26 түстің ортасында орналасқан

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өзінің ресми сайтында АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының логотипін ұсынды.

Логотипте әлем чемпионатының кубогы 26 түстің ортасында орналасқан. Ол Лос-Анджелестегі (АҚШ) ресми іс-шарада ұсынылды.

ФИФА жақын арада әлем чемпионатының матчтарын өткізетін АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласының әрқайсысының логотиптері көпшілікке ұсынылатынын хабарлады.

2026 жылы әлем чемпионатына алғаш рет 48 команда қатысады. Бұған дейін әлем біріншіліктерінде 32 құрама ойнаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button