Басты

Елена Рыбакина Римде жеңімпаз атанды

Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 санатындағы бәсекенің жеңімпазы атанды

Бас жүлде үшін матчта қазақстандық теннисші Ангелина Калининамен ойнады.
Украиналық есеп 6-4, 1-0 болып тұрғанда жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.
Италия астанасындағы жеңісі үшін Рыбакина мың ұпай мен 521, 764 АҚШ долларын алады. Ал WTA рейтингінде Елена 6-дан 4-орынға көтеріледі.
Бұл біздің спортшының карьерасындағы премьер-серияға жататын 3-турнирдегі финалы. Елена АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте чемпион атанса, Майамиде финалда чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button