Басты

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Әлем кубогында топ жарды

Алтын медаль үшін тартыста құрамамыз Нидерландты жеңді - 34:20.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ыстамбұл қаласында өткен Əлем кубогының жеңімпазы атанды.

Алтын медаль үшін тартыста құрамамыз Нидерландты жеңді – 34:20.

Ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан. Осыдан кейін Италия құрамасынан басым түсіп, үздік сегіздікке кірді. Есеп: 45-31. Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан жеңісті соңғы сәтте жұлып əкетті. Есеп: 45-44.

Ал жартылай финалда біздің спортшылар испаниялық семсерлесушілерді сенімді жеңді (45-32).

Ұлттық құрама сапында Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай сынға түсті. Руслан- бірнеше Әлем кубогында жүлде алып жүрген көшбасшы.

Руслан Тәуірше (Астана)

Басқа жаңалықтар

Back to top button