Басты

Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) теннисшілердің жекелей және жұптық сындағы рейтингін жаңартты.

Соған сәйкес еліміздің бірініші ракеткасы Елена Рыбакина ресми түрде төртінші сатыға көтерілді. Бұған Рыбакина Римдегі жеңісінен соң қол жеткізіп отыр.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева он саты төмендеп, 61-орыннан көрінді.

Алғашқы үштік өзгеріссіз: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула.

Ал Анна Данилина жұптық сында 26-орыннан 24-орынға көтерілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button