Басты

The Ring рейтингі: Жәнібек Әлімханұлы екінші сатыға тұрақтады

The Ring орта салмақтың жаңа рейтингін жариялады, оған бірден үш қазақстандық боксшы кірді.

Бірінші қатарда бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин тұрса, екінші орынды WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы иеленді, тізімдегі Қазақстанның үшінші өкілі – WBO international белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орынды сақтап қалды.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең мықты ондық тізімі мынадай:

  1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
  2. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
  3. Хайме Мунгия (Мексика)
  4. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
  5. Лиам Смит (Ұлыбритания)
  6. Сергей Деревянченко (Украина)
  7. Эрисланди Лара (Куба)
  8. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан)
  9. Феликс Кэш (Ұлыбритания)
  10. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания).

Басқа жаңалықтар

Back to top button