БастыХоккей

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен аяқтады

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізді.

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері бұл жолы турнир кестесінде бірде-бір ұпай жинамаған Словениямен жолықты. Екі құрама бұған дейін он бір мәрте кездескен. Сегіз ойында Қазақстан, үшеуінде Словения жеңіске жетті.

Отандастарымыз осыған дейін алты ойынның екеуінде буллитен жеңген. Атап айтқанда, Норвегия мен Словакиядан 4:3 есебімен басым түскен болатын. Бұл матчта құрамамыз қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Қазақстан 7 ұпаймен В тобында алтыншы орында тұр. Бұл кездесуде шабуылшы Евгений Рымарев үздік ойыншы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button