Басқа спорт түрлері

Астанада грэпплингтен ASIAN GRAPPLING CHAMPIONSHIPS 2023 өтеді

21-24 маусым аралығында Астанада көптен күткен ASIAN GRAPPLING CHAMPIONSHIPS 2023 жарысы өтеді.

Додаға Ауғанстан, Иран, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Палестина, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сингапур, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның кіл мықтылары 168 салмақ категориясында бақ сынайды.

Чемпионатқа грэпплинг және грэпплинг ги санатында UWW ережесі бойынша 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер,17-ден 20 жасқа дейінгі жастар, және 35 жастан асқан ардагерлер қатысады.

Төрешілер деңгейі – Ұлттық және халықаралық.

*Грэпплинг – күрестің барлық стильдерін біріктіретін спорттық жекпе-жек түрі: дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және т.б. күрес түрлерін қамтиды. Грэпплинг спортшылары кимонода және кимоносыз екі санатта күреседі.

Чемпионатты ұйымдастырушы: ҚР Грэпплинг қауымдастығы

Өтетін күні: 21-24 маусым, 2023 жыл

Өткізу орны: Астана қаласы, Beeline Arena, Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы, 4/2

Басқа жаңалықтар

Back to top button