Теннис

Рыбакина Forbes тізіміне енді

Бұл тізімге қазақстандық теннисші Елена Рыбакина енген.

Forbes USA Азия-Тынық мұхиты өңірінің өкілдері арасындағы 30 жасқа дейінгі әлеуеті зор спортшылардың тізімін жариялады.

Бұл тізімге қазақстандық теннисші Елена Рыбакина енген.

Рыбакина – ірі теннис турнирін ұтқан қазақстандық алғашқы теннисші. Былтыр шілде айында Уимблдонда топ жарды. 10 млн доллардан астам пайда тапты, – делінген мәліметте.

Рыбакина дәл қазір әлемдік рейтингте 4-орында тұр.

Жақында ғана ол Римдегі WTA 1000 жарысында үздік шықты. Отандасымыз финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен кездесті. Бұған дейін екеуі бір рет жолығып, қарсыласы жеңіске жетті. Осы жолы Калинина қарқынды бастады. Алғашқы екі геймді өз пайдасына шешті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. Сосын бір сағатқа жуық уақытқа созылған сетті брейкпен бітірді – 6:4. Екінші партия басында есеп 0:1 болғанда, украиналық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп қазақ теннисшісі Римдегі турнирдің жеңімпазы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button