Басты

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Жалпы тізімге 34 футболшы енді.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Сан-Марино (16 маусым) және Солтүстік Ирландия (19 маусым) құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Жалпы тізімге 34 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада (екеуі де – «Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Тобыл»), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Талғат Көсеяпов («Каспий»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Тобыл»), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»), Еркін Тапалов («Қызылжар»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Абылайхан Жұмабек («Ақтөбе»), Айбар Жақсылықов («Ордабасы»), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де – «Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Жаттықтырушылар штабы:


Магомед Адиев – бас бапкер,

Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі,

Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі,

Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы,

Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы,

Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button