Теннис
Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты
Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.
![](https://qazaqsporty.kz/wp-content/uploads/2023/05/yuliya_putinceva_rol_1685376891-780x470.jpg)
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған, Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген түбі украиналық Марина Заневскаямен шеберлік байқасты. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, М.Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды – 4:1. Юлия да қалыспай, есеп 3:5 болғанда, қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ – 7:5. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Әйтсе де тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:3).
Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.