Шетел жаңалықтары

Месси ПСЖ-дан кететін болды

Месси ПСЖ-дан кететінін растап, француз клубымен қоштасты.

Мен ПСЖ сапында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл командада әлемнің үздік ойыншыларымен ойнаудан үлкен рахат алдым. Клубқа керемет тәжірибе үшін алғыс айтқым келеді, – деп келтіреді Мессидің сөзін ESPN.

35 жастағы аргентиналықтың париждіктермен келісімшарты маусымның соңында аяқталады.

Месси ПСЖ сапында 2021 жылдың жазынан бастап өнер көрсетіп, осы уақыт аралығында 74 матчта 32 гол соғып, 35 нәтижелі пас берді.

Бұқаралық ақпарат құралдары Месси Сауд Арабиясының «Әл-Хиляль» клубына баруы мүмкін екенін жазуда. Дегенмен оның «Барселонаға» оралуы да әбден мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button