Басты

ПСЖ Мессидің кететінін растады

Мессидің клубпен келісімшарты маусымның соңында аяқталады

Француздың «Пари Сен-Жермен» клубы  ресми сайтында аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің кететінін жариялады.

Клуб Леоға алдағы карьерасында зор табыс тілейді, – делінген ПСЖ-ның мәлімдемесінде.

Месси 2021 жылы «Барселонамен» келісімшарты аяқталған соң еркін агент ретінде ПСЖ ойыншысы атанды. Осы уақыт аралығында ол 74 матчта 35 гол соғып, 35 рет нәтижелі пас берді. Сонымен қатар екі рет Франция чемпионы атанып, Суперкубокта да топ жарған.

Мессидің жасы 35-те, жеті дүркін «Алтын допты» иегері. Желтоқсанда Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button