Теннис

Ролан Гаррос: қазақстандық теннисшілердің бір де бірі қалмады

Мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен жұптасып ойнаған қазақстандық Александр Недовесов «Ролан Гарростың» төртінші айналымға өте алмады.

Үшінші айналымда олар турнирдің бірінші ракеткасы болған Уэсли Колхоф (Нидерланд) пен Нил Скупскиден (Ұлыбритания) 5:7, 4:6 есебімен ұтылды.

Дегенмен мұның өзі Недовесво үшін жетістік деуге болады, себебі бұған дейін ол Үлкен дулығаның үшінші раундына шықпаған.

Анна Данилинаның да Париждегі жорығы аяқталды. Аламанның екінші айналамында Данилина венгриялық Тимея Бабошпен бір жұпта Латиша Чан/Хао-Чин Чаннан құралған тайваньдық дуэттен ұтылды. Матч 6:7, 3:6 есебімен аяқталды.

Бұған дейін теннистен әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Франция ашық чемпионатын аяқтауға мәжбүр болғанын жазған едік. Қазақстан теннис федерациясының жазуынша, отандасымыз үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормоға қарсы ойнауға тиіс болған. Алайда ол денсаулығына байланысты жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button