Шетел жаңалықтары

«Манчестер Сити» әлемдегі ең қымбат футбол бренді атанды

Көш басында биыл АПЛ-да чемпион атанған «Манчестер Сити» тұр.

Әлемдегі ең қымбат футбол брендтері аталды.

Англия кубогының жеңімпазы «Манчестер Ситидің» құны 13% өсіп, 1,51 миллиард еуроны құрады. Рейтингтің бұған дейінгі көшбасшысы «Реал» төрт жылда алғаш рет екінші сатыға төмендеді. Енді оның құны 1,46 млрд еуро болды.

Үздік үштікті «Барселона» түйіндеді – 1,37 млрд еуро.

Алғашқы бестікке «Манчестер Юнайтед» (1,36 млрд) пен «Ливерпуль» (1,36 млрд) енген.

Сондай-ақ ПСЖ (1,13 млрд), «Бавария» (1,1 млрд), «Арсенал» (0,91 млрд), «Тоттенхэм» (0,9 млрд) мен «Челси» (0,86 млрд) де тізімге бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button