Шетел жаңалықтары

«Алтын доп» табысталатын күн белгілі болды

Оны France Football журналы жылдың үздік футболшысына береді.

Дәстүрлі «Алтын доп» футбол марапатын тапсыру күні белгілі болды.

Оны France Football журналы жылдың үздік футболшысына береді.

Іс-шара 2023 жылдың 30 қазанында Париждегі «Шатле» театрында өтеді.

6 қыркүйекте «Алтын допқа» ұсынылған 30 ер адам мен 20 әйелдің есімдері жарияланады. Сол күні жылдың үздік қақпашысына берілетін Яшин сыйлығына он үміткер, сондай-ақ 21 жасқа толмаған ең үздік жас футболшыға берілетін Copa кубогына он үміткердің аттары аталады.

Футболшылардың қоғамдық қызметі үшін Сократ сыйлығына үміткерлер 7 шілдеде жарияланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button