Шетел жаңалықтары

Брайм Диас «Реал Мадридтің» сапына қайта қосылды

«Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Брайм Диас командамен келісімшартты 2027 жылға дейін созды.

Тілші Марио Кортехананың мәліметінше, енді оның жалақысы жоғарылаған. Бұған дейін «корольдік» клубтың өзге ойыншыларына қарағанда Диастың айлығы төмен болған.

Естеріңізге сала кетейік, Диас соңғы үш жылын «Милан» құрамында өткізді. «Реал» оны Италия клубына жалға алу құқығымен берген болатын.

«Милан» сапында Диас А сериясын жеңіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button