Шетел жаңалықтары

Холанд «Манчестер Ситидің» құрамы жайлы пікір білдірді

«Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд команданың құрамы жайлф пікірін айтты.

«Манчестер Ситидің» құрамы жайлы не айтамын дейсіз бе? Шынымен де таңғажайып. Әрбіріміз күн сайын жетістікке жетуді мақсат еткенбіз. Бір-бірімізді қолдаймыз, табысты болу үшін солай болуы да керек. Ерекше жігіттер, білікті бапкер және керемет қызметкерлер жиналған, – деді Холанд УЕФА-ға берген сұхбатында.

Бұл Чемпиондар лигасының бұл маусымында Холанд 10 матч өткізіп, 12 гол соқты және бір рет нәтижелі пас берді. Финалда «Манчестер Сити» «Интермен» кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button