Басқа спорт түрлері

Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді

Әлем чемпионатына 28 елден спортшылар келеді.

2023 жылғы 16-18 маусым аралығында Астана қаласының (Қазақстан) Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында (Қабанбай батыр даңғылы, 45а) «Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының» ұйымдастыруымен қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионаты өтеді.

Шараға Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті қолдау көрсетеді.

Әлем чемпионатына 28 елден (Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Таиланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан) 300-ге жуық спортшы қатысады.

Чемпионат «Жекпе-жек» (8 ерлер, 6 әйелдер және 2 абсолютті салмақ категориялары) және «Өзін-өзі қорғау» (11 ерлер, 5 әйелдер салмақ категориялары) түрлері бойынша өтеді.

Чемпионат бағдарламасы

16 маусым, «Өзін-өзі қорғау» (қатысушылар қарусыз және қарулы шабуылдан өзін-өзі қорғау тәсілдерін көрсетеді):

10.00-13.00 алдын ала кездесулер;

14.00-19.00 жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер.

Марапаттау.

17 маусым, «Жекпе-жек»:

10.00-13.00 алдын ала кездесулер;

14.00-19.00 жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер.

18 маусым, сағ. 17.00-20.00:

Әлем чемпионатының ашылуы.

Финалдық жекпе-жектер.

Марапаттау.

Чемпионаттың соңғы күні әлемнің ең мықты спортшылары арасындағы әсерлі шайқастар арасындағы үзілістерде жанкүйерлер назарына отандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен болатын концерттік бағдарлама ұсынылады.

Чемпионаттың 16-17 маусымда өтетін кездесулеріне кіру тегін. 18 маусымда өтетін финалға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Руслан Тәуірше (Астана)

Басқа жаңалықтар

Back to top button