Басқа спорт түрлері

Қазақстан әйелдер құрамасы Algarve Sevens турнирінің жеңімпазы атанды

Регби 7-ден еліміздің əйелдер құрамасы Бельгияның Алгарве өңірінде өткен IV халықаралық турнирде топ жарды.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, біздің регбишілер жарысты В тобында бастап, 3 матчта да қарсыластарынан ірі есеппен басым түсті. Ширек финалда Англияның Sketty Hoops клубын (48-5), жартылай финалда жарыс қожайыны Португалия клубын (36-5) жеңді. Ал ақтық сында Франциядан келген Landes sevens командасын ұтты. Есеп: 14-12.

Algarve Sevens – биыл 4-рет ұйымдастырылған халықаралық жарыс. Соған қарамастан жыл сайын көптеген құрама мен клуб қызығушылығық танытып келе жатыр. Биыл ерлер мен әйелдерді қосқанда 60 команда бақ сынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button