Шетел жаңалықтары

Ұлттар лигасының финалистері анықталды

Хорватия мен Испания құрамалары А дивизионында 2022/23 маусымының Ұлттар лигасының финалында кездеседі.

Бірінші жартылай финалдық матчта Хорватия қосымша уақытта Нидерланд құрамасын 4:2 есебімен жеңді. Хорваттардан Андрей Крамарич (55-минут, пенальти), Марио Пашалич (72-ші), Бруно Петкович (98-ші) және Лука Модрич (116-минут, пенальти) гол соқты.

Нидерланд құрамасында Даниэль Малан (34-ші) және Ноа Ланг (90+6) көзге түсті. Екінші жартылай финалда Испания құрамасы Италиядан 2:1 есебімен басым түсті.

Испания құрамасынан Ереми Пино (3-минут) және Хоселу (88-ші) мергендік танытса, ал итальяндықтар үшін жалғыз голды Чиро Иммобиле соқты (11-минут, пенальти).

Хорватия-Испания финалы 18 маусымнан 19 маусымға қараған түні Роттердамда (Нидерланд) өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button