Дзюдо

Grand Slam: қазақ дзюдошылары екі қола медаль еншіледі

Қоржынға екі қола медаль түсті.

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының екінші күнінде ел қоржынына екі қола жүлде түсті, деп хабарлайды qazaqsporty.kz. 

73 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Данияр Шамшаев қола жүлде үшін таласта тағы бір отандасымыз Жансай Смағұловпен шеберлік байқасып, тартысты белдесуде 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Сонан соң 73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас спортшы Асқар Нарқұлов қола медаль үшін таласта грузиялық Джорджи Терашвилимен сынға түсіп, жеңімпаз атанды. 

Алғашқы жарыс күнінде Мағжан Шамшадин чемпион атанса, Ғұсман Қырғызбаев күміс медальға ие болған еді. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button