Басты

Нариман Құрбанов – Азия чемпионы

Гимнасттар тағы 2 жүлде жеңіп алды

Нариман Құрбанов Сингапурда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан X Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Отандасымыз бүгін ат снарядындағы жаттығуда қарсылас шақ келтірген жоқ.

Ал тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин еркін жаттығуда іріктеуден сүрінбей өтіп, финалда 2-нəтиже көрсетті.

Қазір Қазақстан қоржынында 3 медаль бар. Бірнеше күн бұрын Ұлттық құрама командалар арасындағы сайыста қола жүлдеге қол жеткізген. Тұғыр сатысына көтерілген қазақстандық гимнасттар күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button