Аралас жекпе-жекБасқа спорт түрлері

Астанада грэпплингтен Азия чемпионаты өтеді

21-24 маусым аралығында Астанада көптен күткен ASIAN GRAPPLING CHAMPIONSHIPS 2023 жарысы өтеді.

Спорттық додаға Қазақстанмен қатар Ауғанстан, Иран, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Палестина, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сингапур, Тәжікстан, Өзбекстанның мықтылары 168 салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.

Чемпионатқа грэпплинг және грэпплинг ги санатында UWW ережесі бойынша 18 жасқа толған ересектер, 17-ге және 20 жасқа дейінгі жастар, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 35 жастан асқан ардагерлер қатысады.

Төрешілер деңгейі – ұлттық және халықаралық.

Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі 13 маусымда сағат 12:00-де Beeline Arena ұлттық теннис орталығында (Тұран даңғылы, 4/2) өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button