Басты

ФИФА рейтингінде Қазақстан сегіз саты жоғарылады

Рейтингте көш басындағы үштік өзгеріссіз.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Алғашқы үштік өзгеріссіз: Аргентина, Франция және Бразилия.

Қазақстан бұл тізімде 112-орыннан 104-орынға көтерілген. Бұған Магомед Адиев шәкірттерінің сырт алаңда Сан-Марино (3:0) мен Солтүстік Ирландиядан басым түсуі себеп (1:0).

ФИФА рейтингі:

1. Аргентина — 1843.73

2. Франция — 1843.54

3. Бразилия — 1828.27

4. Англия — 1797.39

5. Бельгия — 1788.55

6. Хорватия — 1742.55

7. Нидерланд — 1731.23

8. Италия — 1726.58

9. Португалия — 1718.25

10. Испания — 1703.45

104. Қазақстан — 1198.24.

Басқа жаңалықтар

Back to top button