Шетел жаңалықтары

«ҚазМұнайГаз» «Галатасараймен» келісімшартқа отырғанын жоққа шығарды

«ҚазМұнайГаз» Түркияның «Галатасарай» футбол клубымен келісімшартқа отырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) әлеуметтік желіде «ҚМГ Ыстамбұлдың «Галатасарай» футбол клубымен келісімшартқа отырды» деген ақпараттың тарауына байланысты бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, – делінген мәліметте.

Бұған дейін жәлілерде «ҚазМұнайГаз» «Галатасараймен» жылына 7,5 млн долларлық келісімшартқа қол қойғаны туралы мәлімет тараған. Тіпті ол келісімнің бес жылға есептелгені де айтылған.

«Галатасарай» – Түркия Суперлигасының қазіргі жеңімпазы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button