Шетел жаңалықтары

Мессидің «Интер Майамидегі» таныстырылымы кешігіп басталды

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» футбол клубының жанкүйерлеріне ресми түрде таныстырылды

36 жастағы жұлдызды аргентиналықтың тұсаукесерінде «Интер Майами» стадионы лық толды. Салтанатты іс-шараға клуб басшысы Дэвид Бекхэм және команданың бас жаттықтырушысы Херардо Мартино қатысты.

Лионель Мессидің тұсаукесер рәсімі Майамидегі ауа райының қолайсыздығына байланысты бір жарым сағатқа кеш басталды.

Аргентина құрамасының капитаны «Интер Майамимен» келісімшартқа 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін отырды. Ал оның жалақысы, бонустарды қоса есептегенде, бір маусымда 60 миллион долларға дейін жетеді. Лео жаңа клубта 10-нөмірімен өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button