Шетел жаңалықтары

Төрешіні соққыға жыққан футболшы өз-өзін атып тастады

Футболшының артында екі баласы қалды.

Аргентинада әуесқой футболшы адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған соң өз-өзіне қол жұмсаған.

Уильямс Александр Тапон ойын кезінде төрешіні соққыға жығып, салдарынан ол есінен танып қалған. Төреші тез арада ауруханаға жеткізілді.

Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, 24 жастағы спортшыға қасақана адам өлтіруге оқталды деген айып тағылды. Бұл қылмыс үшін 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқиғадан соң араға бірнеше күн салып Тапонның денесі Буэнос-Айрес маңындағы үйінен табылды. Әйелінің сөзіне қарағанда, ол басына оқ атып көз жұмған.

Футболшының артында екі баласы қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button