БастыФутбол

«Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта «Астана» сырт алаңда Тбилисидің «Динамо» клубын жеңді.

Тбилисидегі (Грузия) ойын елорда клубының жеңісімен аяқталды — 2:1.

Ойын есебін 22-минутта Усман Камара ашып, «Динамо» клубын алға шығарған. Бірінші таймда есеп өзгеріссіз қалғанымен, үзілістен соң қонақтар сапынан алдымен 50-минутта Абзал Бейсебеков мергендік танытса, 51-минутта Дембо Дарбо жеңіс голын соқты.

Осылайша, «Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті.

Елордадағы бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button