Шетел жаңалықтары

Боксшы Александр Усик енді футболшы атанды

Аса ауыр салмақта WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Александр Усик «Полесье» футбол клубының (Житомир) ойыншысы атанды.

Бұл туралы украин клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды.

Биыл «Полесье» Украина Премьер-лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Ал 36 жастағы боксшы бір жылға келісімшартқа отырды, ол 17-нөмірмен ойнайтын болады.

Усик 26 тамызда Польшаның Вроцлав қаласында жекпе-жек өткізетінін айта кетейік. Оның қарсыласы – британ Даниэль Дюбуа.

Басқа жаңалықтар

Back to top button