Шетел жаңалықтары

ҚХЛ клубының директоры есірткімен ұсталды

Тексеріс кезінде одан бірнеше грам мефедрон табылды

Челябіде «Трактор» хоккей клубының спорттық даму жөніндегі директоры Александр Шинин ұсталды.

Тексеріс кезінде одан бірнеше грам мефедрон табылды. Көп ұзамай-ақ «Трактор» Шининнің қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

Бүгін Александр Шининге қатысты жағдай белгілі болды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның нәтижесі ресми түрде хабарланады. «Трактор» маманмен серіктестікті тоқтату туралы шешім қабылдады, – делінген клубтың ресми парақшасында.

Шинин спорттық карьерасын 2019 жылы аяқтаған. 2020 жылғы мамырда ол «Тракторға» директор болып тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button