Шетел жаңалықтары

Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19 миллиард еуро бөлді

Бұл туралы журналист және инсайдер Бен Джейкобс өзінің твиттерінде мәлімдеді.

Сауд Арабиясының спорт министрлігі футбол трансферлеріне шамамен 19,6 миллиард доллар қаражат бөлді.

Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымы 11 тамызда басталады.

Бұл елдегі басты шетелдік жұлдыз – португалиялық Криштиану Роналду. Сонымен қатар жазғы трансфер кезінде Сауд Арабиясы клубтарының қатарын Карим Бензема, Роберто Фирмино және Эдуар Менди сияқты футболшылар толықтырды.

Бұған дейін ПСЖ-ның Сауд Арабиясы клубтарының біріне француз шабуылшысы Килиан Мбаппемен келіссөздер жүргізуге рұқсат бергені туралы да айтылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button