Шетел жаңалықтары

«Интер Майами» футболшысы Мессиден мықты ойыншыны атады

"Интер Майамидің" венесуэлалық шабуылшысы Джозеф Мартинес командаластары арасында Мессиден гөрі мықты футболшы бар екенін айтты.

30 жастағы форвард «Барселонаның» экс-ойыншысы Серхио Бускетспен бірге жасыл алаңда ойын өткізгеннен кейінгі әсерін бөлісті. Матчтан кейінгі сұхбат барысында Мартинес испаниялық жартылай қорғаушының ойнау мәнеріне таңданысын жасырмады.

Біздің командаға Серхио Бускетстің қосылғанына қуаныштымын. Ол нағыз данышпан және өте ақылды ойнайды. Мен үшін Бускетс Мессиден де үздік ойыншы, – деді Мартинес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button