Шетел жаңалықтары

«Бавария» Нойердің орнын басатын қақпашы іздеп жүр

«Бавария» өзінің негізгі қақпашысы Мануэль Нойердің орнын басатын қақпашы іздеп жүр.

Бұған дейін Германия құрамасының 37 жастағы қақпашысы сапқа келесі жылы ғана оралуы мүмкін екені айтылған. Бұған оның жіліншік сүйегі сынуы себеп.

Sport BILD футболының бас редакторы Кристиан Фальк Twitter-де хабарлағандай, Мюнхен клубы «Миланның» француз қақпашысы Майк Меньян мен португалиялық «Порту» қақпашысы Диога Коштаның кандидатураларын қарастырып жатыр. 28 жастағы Меньян 2021 жылдан бері «Миланда» өнер көрсетеді. Оның итальяндық клубпен келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды. Transfermarkt порталы француздың құнын 45 миллион еуроға бағалайды.

23 жастағы Кошта «Повоа» клубының тәрбиеленушісі. Ол 2011 жылға дейін клубтың балалар командаларында ойнап, сонан соң «Портуға» ауысты. Оның қазіргі келісімі 2027 жылға дейін есептелген. Transfermarkt оны 45 миллион еуроға бағалайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button