ТеннисШетел жаңалықтары

Новак Джокович US Open-де ерекше ракеткамен өнер көрсетеді

Спорттық құрылғылар шығаратын америкалық Head компаниясы «Speed» деп аталатын жаңа ракеткалар жасап шығарды, деп хабарлайды "Қазақ спорты".

Бұл ракетка сербиялық Новак Джоковичке US Open турнирінде көмектеседі деп болжанады.

Новактың жаңа ракеткасының дизайнына баға беріңіз! Эксклюзивті ракетка қалай екен? – делінген компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Head Новак Джоковичке «Ролан Гарроста» жеңіске жеткенде алтын ракетка сыйлаған. Бұл сербтің «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдегі 23-жеңісі болатын. Алтыннан жасалған бұл ракетка әлемде біреу ғана. Оның салмағы 8 кг.

Франция ашық чемпионатының финалында Джокович былтырғы чемпион норвегиялық Каспер Руудты (4) ұтқан болатын – 7:6 (7:1), 6:3, 7:5.

Басқа жаңалықтар

Back to top button