БастыШетел жаңалықтары

Неймардың қай клубқа ауысатыны анықталды

«Пари Сен-Жерменнің» бразилиялық шабуылшысы Неймар мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады, ол «Әл-Хиляльмен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Бұл туралы L’Equipe хабарлайды. Дереккөздің мәліметінше, Неймар cауд клубымен «2+1» жүйесі бойынша келісімшарт жасасқан – келісім тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылға есептелген.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Неймар «Әл-Хиляльда» бір маусымда 100 миллион еуро табатыны туралы ақпарат болған.

Естеріңізге сала кетейік, 31 жастағы Неймардың ПСЖ-мен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін жарымды. Өткен маусымда шабуылшы 29 матч өткізіп, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button